Қарасай ауданы елді мекендерінің қала құрылысы жобаларына Қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI 55-бабының 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

 

Төменде көрсетілген құжаттардың әсер ету скрингі бойынша есеп:

  • «Алматы облысы Қарасай ауданы Б. Ашекеев ауылының бас жоспары. Түзету»;
  • «Алматы облысы Қарасай ауданы Бұлақты ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары. Түзету»;
  • «Алматы облысы Қарасай ауданы Көлді ауылының бас жоспары. Түзету»;

- Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар ауылының даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету»;

  • «Алматы облысы Қарасай ауданы Тұрар ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары. Түзету».

 

Жобалау ұйымы (әзірлеуші): «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:

- құрылыстың бірінші кезеңі – 2032 ж.;

- есептік мерзім – 2050 ж.

 

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 

Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2026 жылдың 26 қаңтарынан бастап, 2026 жылдың 6 ақпанына дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 6 ақпан).

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail:b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz ;  n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

- «WhatsApp» номері: 8 707-617-31-74

 

СЭБ бойынша материалдар жарияланады:

1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

2)Тапсырыс берушінің сайтында: https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-saulet/documents/1?lang=ru

Дата публикации
22 января 2026