Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI 55-бабының 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мынадай құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
Төменде көрсетілген құжаттардың әсер ету скрингі бойынша есеп:
- Алматы облысы Жамбыл ауданы Сарыбай би ауылының бас жоспары. Түзету;
- Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұраншi Батыр ауылының даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету.
- Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылының даму және құрылыс схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету.
Жобалау ұйымы (әзірлеуші): «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- құрылыстың бірінші кезеңі – 2032 ж.;
- есептік мерзім – 2050 ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап, 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 30 қаңтары).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail:b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz ; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
- «WhatsApp» номері: 8 707-617-31-74
СЭБ бойынша материалдар жарияланады:
1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
2)Тапсырыс берушінің сайтында: https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-saulet/about?lang=ru.