Объявление о рассмотрении скрининга воздействия к проекту «Генеральный план совмещенный с проектом детальной планировки с.Боралдай Илийского района Алматинской области. Корректировка»

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)  жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

1) «Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылының егжей-тегжей жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары» жобасының жалпы түсіндірме жазбасы;

2) «Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылының егжей-тегжей жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары» жобасының бас жоспар сызбасы;

3) «Алматы облысы Іле ауданы Боралдай ауылының егжей-тегжей жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспары»»: жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингі.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Градкомплекс» ЖШС.

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы облысының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2050 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 30 желтоқсанына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 30 желтоқсан).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. 

СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

Алматы облысы әкімдігінің сайтында.

Дата публикации
17 декабря 2025