«Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау есебін қарау туралы хабарландыру

Хабарландыру стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары)  жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:  

1) Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған оның жобасын («Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба);

2) Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасын («Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасының сызбалары);

3) Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға , адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасын жібереді («Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп).

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Урбостиль» ЖШС.

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.  

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • 1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • 2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • 3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • 4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2050 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2025 жылғы 16 қазаннан 2025 жылғы 16 қарашаға дейін (соңғы күн – 2025 жылғы 16 қараша)».

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті 

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83 Эл. пошта: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде келесі электрондық мекенжайға жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

СЭБ материалдары орналастырылған:

  • Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
  • Алматы облысының әкімдігінің сайтында.
Резюме по отчету СЭО
Дата публикации
17 октября 2025