«Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылының Бас жоспарын әзірлету. Түзету» жобасына ықпал ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Ықпал ету скринингін қарау туралы

хабарландыру

 

 

Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

 

  • «Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылының Бас жоспарын әзірлету. Түзету» жобасына ықпал ету скринингі;
  • «Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылының Бас жоспарын әзірлету. Түзету» жобасының негізгі сызбасы;
  • «Алматы облысы Іле ауданы Ақсай ауылының Бас жоспарын әзірлету. Түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба.

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Градкомплекс» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Қасымжан А.С.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруі үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мына мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2050 жыл

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жөніндегі рәсімді өткізу мерзімі: 5 қыркүйекке дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 5 қыркүйек).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экология саясаты департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83; 78 (7172) 74-13-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде электрондық мекенжайға жіберуге болады. Министрлік кеңсесінің эл.мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе                     +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі).

Дата публикации
19 августа 2025