«Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының бас жоспары. Түзету» Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- «Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша түсіндірме жазба;

- Тірек жоспары, Бас жоспардың эскизі, сондай-ақ «Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша ЕҚТА орналасу схемасы;

- «Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының бас жоспары. Түзету» жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау бойынша есеп.

СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «Урбостиль» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ жөніндегі есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолдану кезеңі: 2025-2050 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 3 қыркүйекке дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 3 қыркүйек.)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Экологиялық мәдениет және саясат департаменті, тел.: 8 (7172) 74-02-83, e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz    

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңызды Кеңседе алғаның міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

СЭБ бойынша материалдар Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі» - «Жаңа құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі) орналастырылған.

Дата публикации
18 августа 2025