Қамту аясын айқындау жөніндегі есепті қарау туралы Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалауды (бұдан әрі – СЭБ) жүргізу үшін келесі құжаттар (СЭБ материалдары) ұсынылды:

  • Құжаттың негізгі бағыттары мен оны іске асыру мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын Жоба – «Қонаев қаласының (Алматы облысы) бас жоспары. Түзету» жобасына арналған Жалпы түсіндірме жазба;
  • Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы – «Қонаев қаласының (Алматы облысы) бас жоспары. Түзету» жобасына арналған Жалпы түсіндірме жазба; «Қонаев қаласының (Алматы облысы) бас жоспары. Түзету» жобасына арналған Қамту аясын анықтау жөніндегі есеп;
  • Құжатты іске асыру барысында қоршаған ортаға, адамның өмірі мен (немесе) денсаулығына ықтимал әсерлердің жалпы сипаттамасы – « Қонаев қаласының (Алматы облысы) бас жоспары. Түзету» жобасына арналған Қамту аясын анықтау жөніндегі есеп.

СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «Урбостиль» ЖШС

СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

СЭБ әзірлеуге жауапты: Қонаев қаласының әкімдігі

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамды (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер иә болса, қандай әсерлер және неге бұл әсерлерді елеулі деп санайсыз?
  2. Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерлердің қайсысын зерттеу қажет деп санайсыз және неге?
  3. СЭБ есебінде сізді қызықтыратын, Құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы барлық ақпарат қамтылған ба? Қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  4. Бас жоспарды іске асырудың қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты басқа да ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың әрекет ету кезеңі: 2024–2050 жылдар

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 18 қыркүйектен 2025 жылғы 10 қазанына дейін (соңғы қабылдау күні – 2025 жылғы 10 қазан).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 (7172) 74-02-83 Эл. пошта: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде келесі электрондық мекенжайға жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Құжаттарыңыздың Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

СЭБ материалдары орналастырылған:

  • Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
  • Алматы облысы әкімдігінің сайтында
Дата публикации
07 августа 2025