«Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылының бас жоспары. Түзету» Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы

хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) «Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек ауылының бас жоспары. Түзету» (бұдан әрі – жоба) жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар түсті:

- Жоба бойынша түсіндірме жазба;

- Тірек жоспары, құрылыс салу эскизі, сондай-ақ ЕҚТА орналасу схемасы;

- Жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ету скринингі.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Урбостиль» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ бойынша есепте Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2025-2050 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 6 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 6 тамыз.)

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8. Тел.: 8 (7172) 74-02-83, e-mail:

b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz   

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz

Сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

  • Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
  • «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ сайтында сілтеме бойынша:
Дата публикации
24 июля 2025