"Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспарына" стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп.

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

• «Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспарына»стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп.
• «Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспары» жобасы бойынша түсіндірме жазба;
• «Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылының бас жоспары» жобасы бойынша графикалық материалдар;


СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

● Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз не себепті оларды елеулі деп есептейсіз?
● Жобаны бекітпес бұрын қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсер етулерді зерттеу керек және неге?
● СЭБ жүргізу қажет деп ойлайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және не себепті?
● Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсер етуіне байланысты басқа да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2040 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 21 шілдеден 2025 жылғы 20 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 20 тамыз)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жолдауға болады:
- электронды түрде Экология министрлігі Кеңсесінің электрондық мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттарыңыздың Кеңсеге түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылап алуыңыз қажет);
- b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz e-mail-іне;

СЭБ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Тапсырыс берушінің сайтында орналастырылды

 

 

Дата публикации
22 июля 2025