Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының 2020 жылғы I тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат

Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының 2020 жылғы I тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат

«Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Алматы облысының елді мекендері 100 (100%) пайыз бас жоспармен қамтамасыз етілді және қажеттілігіне қарай түзетулер жүргізілуде. Облыс бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етілуі 40,2 (40,2%) пайызды құрайды. Оның ішінде: - қалалар 100 пайыз; - халық саны 5 мың адамнан асатын елді мекендер 100 %; - халық саны 5 мың адамнан кем елді мекендер 33,8 %. Бүгінгі таңда Алматы облысының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде (II-кезең). Сонымен қатар, Басқарма жобалауға берілген Сәулет-жоспарлау тапсырмаларының (СЖТ) мониторингін тұрақты негізде жүргізеді. 2020 жылдың 2 айында аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдері 2353 «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну» жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін және 1753 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», сондай-ақ «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 3 өтініш қарастырылып, мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2 - өтініш берушілерге ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім берілді, 1-өтініш берушіге дәлелді бас тартылды.

Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының 2020 жылғы I тоқсанда атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
01 июля 2020