Бүгін 30.03.2023 ж. Алматы облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері арасында жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2023 жылдың 14 наурызындағы №1-12 хаттамасындағы тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелері жөніндегі шешімі талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен қызметтік әдеп стандарттары, әдеп қағидаттары, қызметтік әдеп бұзушылықтардың алдын алу бойынша үйлестіру, қызметтік әдеп бұзғаны үшін жауапкершілгі, сонымен қатар, бұйрықсыз үстеме жұмыс істеу салдарынан артық жұмыс істеу фактінің алдын алу, тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаларды негізсіз мерзімінен бұрын алып тастау практикасын тоқтату туралы баяндалды.
Дата публикации
30 марта 2023