«Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы
басқармасы» ММ-нің
2023 жылға арналған бюджеті бойынша
Анықтама
Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы, жоспарлы қаржыландыру жоспарына сәйкес, 2023 жылы 2864,2 млн. (жоспар) теңгенің орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы бойынша, Басқарма 3 бюджеттік бағдарламаны қамтиды. Штаттық кестеге сәйкес Басқарма 8 мемлекеттік қызметкерлер мен 3 техникалық қызметкерлерден тұрады.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес,келесі бағдарламаларға
001 000 «Жергілікті деңгейде сәулет және қалақұрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 78640,0 мың теңге,
004 000 «Мемлекеттік органның капиталдық шығындары» бағдарламасы бойынша – 250,0 мың теңге,
002 000 «Қалақұрылыстық кешенді даму схемаларын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу» бағдарламасы бойынша – 2785,3 мың теңге қарастырылды.
Алматы облыстық маслихатының 17 қаңтар 2023 жылғы №34-160 шешімі негізінде 002 000 «Қалақұрылыстық кешенді даму схемаларын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу» бағдарламасына қосымша 779 565,0 мың теңге бөлінді.