«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 22 – Ө бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2021 жылдың II, III, IV тоқсаны және 2022 жылдың І тоқсаны қамтылсын.
Басқарма өз қызметін Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 372 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі - ереже) негізінде жүзеге асырады.
Басқарманың мақсаты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.