
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің 2023 жылғы 08 қыркүйектегі № 7-4 шешімінің 5-тармағын орындау мақсатында Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан 2023 жылғы 22 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіруге бағытталған семинар-кеңес өткізілді.
Осы шараға облыстық басқармалардың, аудандар мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің өкілдері, сонымен қатар арнайы шақырылған Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а. Бекмурзин Қордай Азатұлы қатысты.
Қордай Азатұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы новеллалар туралы және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы баяндама жасады.
Баяндамадан кейін Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының м.а. Қ. А. Бекмурзин және Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А. Н. Ваисов семинар-кеңеске жиналған қатысушылардың мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезіндегі туындап жатқан мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына мазмұнды жауап берді.