Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 04-18 қыркүйек аралығында «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жүргізілуі жоспарлануда.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Басқарма бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Басқарма бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Анықтама телефоны: 8727-72-20351 – Алия Бериккалиевна Сексембаева (Басқарманың мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілік бөлімінің басшысы)