04.06.2023 ж. Қонаев қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

04.06.2023 ж. Қонаев қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті
4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Осылайша, 1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері– Ту, Елтаңба және Әнұран алғаш рет бекітілді.
04.06.2023 ж. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу құрметіне Қонаев қаласының орталық алаңында салтанатты іс-шара өтті, сондай-ақ жалпы республикалық іс-шара шеңберінде өткізілетін мемлекеттік туымен челлендж ұйымдастырылды. Бұл жарқын іс-шараға Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқармамыздың қызметкерлері қатысты.