Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

2022 жылғы 10 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының Мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің өкілі-Таймерденов Жайық Мейрамбекұлы қатысты, ол қатысушыларға сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау нәтижесінде қандай мәселелермен бетпе-бет келуге болатындығы және сыбайлас жемқорлық көріністерімен және сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін әрекеттермен қалай күресуге болатындығы туралы айтып берді.

Семинар барысында нақты оқиғаларға негізделген бірқатар слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликтер өте мазмұнды және ағартушылық сипатта болды, семинарға қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

Сонымен қатар, Жайық Мейрамбекұлы жүргізіліп жатқан жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша ұсыныстар беріп, адами құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қою керек екендігіне баса назар аударды.