Ағымдағы жылдың 4 қарашасында "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС тарапынан «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-мен бірлескен ұйымдастыруымен мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін "2022 жылғы Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу. Электрондық дүкен – Omarket.kz " тақырыбында бір күндік, тегін семинар - оқыту ұйымдастырылды.
Аталған семинарға Алматы облысының облыстық басқармалары және аудандар, Қонаев қаласы әкімдері аппаратының мемлекеттік сатып алу бойынша жауапты мамандары қатысты. Семинар өңірдегі жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің білімін жақсартуға және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ OMarket.kz. электрондық дүкенде жұмыс істеу, тапсырыс берушілерден кері байланыс алу мақсатында бағытталған.
Семинарды "Эрудит Астана" оқу орталығының оқытушылары Ахметов Сәбит Мейрамұлы - Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасын әзірлеуші, Біржанов Дархан Аманұлы - "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС директоры, Аманбаева Айсұлу Нұрланқызы - бизнес – тренер, Omarket.kz. платформа өкілі өткізді.
Семинар барысында OMarket.kz. электронды дүкен жұмысының функционалдары және 27.06.2022 жылғы түзетулермен "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының жобалары талқыланды.