
2022 жылғы 15 қыркүйекте "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ-де басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерінің қоғамдық талқылауы өткізілді.
Қоғамдық талқылау ішкі талдау бойынша жұмыс тобы мүшелерінің және өңірдің қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен бейнебайланыс арқылы өткізілді (талқылау хаттамасымен және қатысушылар тізімімен "Құжаттар" бөлімінде танысуға болады).
Іс-шара барысында пікірлер мен ұсыныстар алмасылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.