"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"ММ басшысы тағайындалды

"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"ММ басшысы тағайындалды

Облыс әкімінің 23.08.2022 ж. өкімімен Асыл Нұрғалиұлы Ваисов "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ басшысы болып тағайындалды .

Асыл Нұралиұлы 1979 жылы туған, білімі - жоғары. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, 2005 жылы Орталық Азия университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы полициясы органдарынан бастаған.

Әр жылдары "РосКазСекьюрити" ЖШС директорының орынбасары, директоры, "Арлан GROUP Секьюрити" ЖШС директоры, Талғар ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Панфилов ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып өтті.