Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмысын жүргізу шеңберінде Басқармада Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдерімен кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмысын жүргізу шеңберінде Басқармада Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдерімен кездесу өткізілді

2022 жылға бекітілген мемлекеттік қайраткерлермен, құрметті мемлекеттік қызметшілермен кездесулердің жоспар-кестесіне сәйкес 2022 жылғы 15 маусымда басқармада Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (ІМАД) өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде «Жұмыстарды сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбы бойынша мәселелер талқыланды. Басқарма басшысы – Момыш Елтайұлы Махметовтың, сондай – ақ ІМАД басшысының орынбасары - Қанат Алғабекұлы Момыновтың қысқаша баяндамалары тыңдалды. Баяндамалардан кейін жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында туындайтын мәселелер мен проблемалар талқыланды, сондай-ақ оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.