
2021 жылдың 19 қарашасында Талдықорған қаласының орталық жүзу бассейінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті мен Алматы облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында жүзу спортынан жарыс өткізілді. Осы шараға Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының командасы да белсене қатысты.