"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті

 

2021 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығынды дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымы    осы жалпы республикалық акциясына белсене қатысып, "Талдықорған қаласы Мойнақ ауылының №23 орта мектеп" КММ-нің оқушысына әлеуметтік көмек көрсетті. Балаға мектеп формасы, спорт және басқа да қажетті киімдер, мектепке арналған қажетті кеңсе тауарлары сатып алынды.