Мемлекеттік сатып алу қағидаларына 2020 жылғы 1 қаңтардан басталатын өзгерістер ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының – ҚР Қаржы министрінің 27.12.2019 № 1438 бұйырығымен енгізілді.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы 01.01.2020 бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер:
Өтінімді қамтамасыз ету енді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларға да енгізілетін болады.
Кепілдендірілген ақшалай жарна түріндегі өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянында жеткілікті ақша қаражатының (сатып алуға бөлінген соманың ) болуына ауыстырылды (сатып алуға бөлінген соманың кемінде 1 %-ы).
Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алған кезде жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар – орындалған жұмыстар актісі мен пайдалануға беру актілері – электрондық депозитариден ғана алынып жиналатын болады.
Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін жаңа критерий – төленген салықтардың көрсеткіші. Егер әлеуетті өнім беруші 3 %-дан жоғары төленген салықтардың көрсеткішіне ие болса, веб-портал автоматты түрде әрбір нөл бүтін оннан бірден (0,1) асатын пайыз үшін нөл бүтін оннан бір (0,1) пайыз мөлшерінде", алайда 3 % пайыздан аспайтын шартты жеңілдікті береді (Қағидалардың 156-тармағы).
Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерилердің ішінен – Қағидалардың 152-1 тармағынан келесілерді растайтын құжаттарды алып тастады:
– техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылатын тауарларды ерікті түрде растау;
– ұлттық және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың қызметтердің сертификатталған сапа менеджменті жүйесіне сәйкес келуі;
– экологиялық менеджмент жүйесінің ұлттық стандартқа сәйкестігі;
– ұсынылатын тауарлардың экологиялық таза өнім стандартына сәйкес келуі.
Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде бұрынғыдай көп салық сомасын төлеген емес, салықтық жүктеменің үлкен көрсеткішіне ие болған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Енді шартты бағалар тең болған кезде шағын компаниялар салықтық жүктеме көрсеткіші бойынша ірі компаниялармен бәсекелес бола алады. Сондай-ақ бұл салықтарды ерікті түрде төлеу үшін ынталандыру болып табылады.