"Бекітемін"
«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу
басқармасы» ММ басшысы _____________
Е. Байғалық
2026 жылғы "_________" шілде
Себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Тапсырыс берушілермен қажеттілікті дұрыс қалыптастыру, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу және біліктілік талаптарын белгілеу мәселелері бойынша түсіндіру және әдістемелік жұмыстарды жалғастыру, бұл ретте бәсекелестікті шектеуге және жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беретін жағдайлар жасауға жол бермеу. Жұмысты Басқарма туралы Ережеде көзделген мемлекеттік сатып алу саласындағы тапсырыс берушілердің қызметін үйлестіру жөніндегі Басқарманың өкілеттіктері шеңберінде жүргізу. |
Тапсырыс берушілермен кеңестер өткізу, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, өтініштер мен шағымдарды жүйелі мәселелерге талдау |
Әдістемелік ұсынымдар, кеңестер хаттамалары, өтініштерге талдау бойынша аналитикалық анықтамалар |
Тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу бөлімі |
Тұрақты негізде |
|
2 |
Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер мәлімдеген еңбек ресурстарының, материалдық-техникалық базаның, жабдықтардың және өзге де қажетті ресурстардың нақты болуын тексеру жөніндегі өкілеттіктердің болмауына байланысты жүйелі тәуекелді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, жолдау. Ұсыныстарда әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде ұсынатын мәліметтерінің дұрыстығын растау және тексеру тетіктерін жетілдіру қажеттілігін көздеу. Жұмысты Басқарма туралы Ережеде көзделген мемлекеттік сатып алу саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша Басқарманың өкілеттіктері шеңберінде жүргізу. |
Заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау |
Уәкілетті мемлекеттік органға (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі) хат |
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі |
2026 жылғы қыркүйек |