2025 - 2027 жж. Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының азаматтық бюджеті

2025 - 2027 жж. Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының азаматтық бюджеті

 

Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Сіздерге 2025 – 2027жж. басқарманың бюджетінің жобасы, оның қалай жоспарланатыны, және мемлекеттік қаржылардың қайда жұмсалатыны туралы ақпаратты  ұсынады. Халықаралық тәжірибеде мұндай ақпарат Азаматтық бюджет  деп аталады. Мұндай форматта ақпарат жыл сайын жариялануда. Жыл сайын, қоғамдық пікірді ескере отырып, ақпарат беру форматы түпкілікті жетілдіріліп, кезең – кезеңмен жаңартылып отырады. Біз Сіздерден ұсыныстар күтеміз.

Басқарманың штаттық  саны 15 штаттық бірліктен және 3 бірлік техникалық персоналдардан құралады. Алматы облысы бойынша  мемлекеттік сатып алудың біріңғай ұйымдастырушысы ретінде,   Басқарманың негізгі мақсаты  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады. Облыстың ақшалай қаржыларының уақытылы және тиімді игерілуі уақытылы өткізілген мемлекеттік сатып алуға байланысты. Басқарманың бюджеті бекітілген штаттық бірліктер негізінде қолданыстағы Заңыдылқтар мен қажеттілік нормаларына сәйкес жоспарланады. 

2025 – 2027 жылдарға Басқарманың бюджеті келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған: «Мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 001015 бағдарламасы оның ішінде:

 «Жергілікті деңгейдегі құралдар есебінен» 015 кіші бағдарламасы бойынша  2025 ж. – 138 927,0 мың теңге, 2026ж.  – 116 571,0 мың теңге,  2027ж. – 119 380,0 мың теңге

https://budget.egov.kz/arm/#/admin/material/3552549

Дата публикации
22 января 2025