"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы"мемлекеттік мекемесі туралы ереже

                  Бекітілді

Алматы облысы әкімдігінің

2023 жылғы «____» __________

№__________қаулысы

 

 

«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
  3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4.
  10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

3) әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету;

5) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

6) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын, оның ішінде өнім берушілердің коммерциялық құпияға заңды құқықтарын сақтай отырып, сақтау (мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін).

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

1.1) Басқарма қызметінің негізгі бағыттары бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

1.2.) жоғары тұрған органдарға мемлекеттік сатып алу саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

1.3) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан Басқарма алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

1.4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға, бұйрықтар шығаруға;

1.5) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша тапсырыс берушілердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) қызметін үйлестіруге;

1.6) өз құзыреті шегінде Басқарманы құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге;

1.7) Басқарма құзыретіне кіретін облыс әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге;

1.8) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тартуға;

1.9) барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында Басқарма мүдделерін білдіруге;

1.10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) міндеттері:

2.1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

2.2) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

2.3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

2.4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге;

2.5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру;

2) облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманың жобасын әзірлеуі және бекітуі;

3) облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының конкурстық (аукциондық) комиссия құрамын айқындауы және бекітуі;

4) облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы қажет болған жағдайда хабарландырудың конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі;

5) облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастыруы;

6) конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелеріне түсініктеме беру;

7) тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігіне байланысты берілген сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;

8) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қайта өткізуді жүзеге асыру, жеңімпазды айқындау;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есепке алынуын қамтамасыз ету не оны енгізген әлеуетті өнім берушіге қайтару;

11) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы облыстың жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулары бойынша ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды, мониторингті жүзеге асыру;

12) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы облыстың мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесіне талдау жүргізу;

13) Басқарманың құзыреті шегінде орталық атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қарау үшін ұсыныстар жолдау;

14) Басқармада іс жүргізуді, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді ұйымдастыру;

15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарастыру;

16) өтініштерге талдау жүргізу және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

17) азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ету;

18) Басқарманың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру;

19) Басқарманың құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беру;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Басқармаға басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің, функциялардың орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
  4. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, бірінші қол қою құқығына ие болады;

3) облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде өткізілетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

4) Басқарманың штат кестесін, бөлімдер туралы ережелерін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасары(лары)ның, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және Басқарманың басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілікті арттыру жөніндегі мәселелерді шешеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, үстемеақы төлеу, сыйлықақы беру және оларға тәртіптік жаза қолдану жөніндегі шараларды қабылдайды;

7) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің міндетті орындауы үшін бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды, осы бағыттағы жұмыс үшін дербес жауапты болады;

9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;

10) Басқарманың құзыреті шегінде шарттар жасасады;

11) өз құзыреті шегінде сенімхат береді;

12) Басқарма қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

13) белгіленген тәртіппен Басқарманың қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметі мәселелерін шешеді, Басқармаға бөлінетін бюджет қаражатының ұтымды және нысаналы пайдаланылуын бақылайды;

14) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

15) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

16) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасар(лары)ның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
29 февраля 2024