Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы туралы АНЫҚТАМА

Жыл басынан бастап 2023 ж. 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу басқармасына жалпы сомасы 238,3 млрд. теңгеге конкурстар өткізуге 984 өтінім түсті:

164 өтінім - құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша;

99 - құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша;

280 - жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;

251 - қызмет көрсетуге;

190 - тауарларды сатып алуға.

 

984 өтінімнің ішінен: 799 конкурс бойынша қорытындылар шығарылды, 151 конкурс бойынша сатып алулар өтпеген деп танылды, 34 конкурс өткізу процесінде.

 

Жалпы сомасы 219,7 млрд. теңгеге 799 конкурс бойынша қорытындылар шығарылды, оның ішінде:

- құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 191,4 млрд. теңгеге 163 конкурс;

- жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша                      9,2 млрд. теңгеге 269 конкурс;

- құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша   4,2 млрд. теңгеге 99 конкурс;

- қызметтерді сатып алу бойынша 7,4 млрд. теңгеге                  182 конкурс;

- тауарларды сатып алу бойынша 7,5 млрд. теңгеге 86 конкурс.

 

17,1 млрд. теңге сомасына түрлі тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша 151 конкурс бойынша сатып алулар өтпеген деп танылды.

 

Бүгінгі күні басқармада жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге құрайтын 34 конкурс өткізілуде, оның ішінде:

- құрылыс-монтаждау жұмыстарына 1 конкурс, жалпы сомасы 219 млн. теңге;

- жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 11 конкурс, жалпы сомасы 400 млн. теңге;

- жалпы сомасы 424 млн. теңгеге қызмет көрсетуге арналған 14 конкурс;

- жалпы сомасы 485 млн. теңгеге тауарларды сатып алуға 8 конкурс.

 

Дата публикации
16 января 2024