1) Cатып алудың облыстық бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша
Жыл басынан бастап 29 қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу басқармасына жалпы сомасы 179,3 млрд. теңгеге конкурстар өткізуге 882 өтінім түсті:
138 өтінім - құрылыс-монтаждау жұмыстарына;
103-құрылысқа байланысты емес жұмыстарға;
255-жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
229-қызмет көрсетуге;
157-тауарларды сатып алуға .
882 өтінімнің ішінен: 672 конкурс бойынша қорытынды шығарылды, 111 конкурс бойынша сатып алулар өтпеген деп танылды, 94 конкурс өткізу процесінде, 5 өтінім жарияланғанға дейін қаралуда.
Жалпы сомасы 126,6 млрд. теңгеге 672 конкурс бойынша қорытындылар шығарылды, оның ішінде:
- құрылыс-монтаждық жұмыстар бойынша 98,9 млрд. теңгеге 123 конкурс;
- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша 8,2 млрд. теңгеге 247 конкурс;
- құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша 7,1 млрд. теңгеге 86 конкурс;
- қызметтерді сатып алу бойынша 6,3 млрд. теңгеге 151 конкурс;
- тауарларды сатып алу бойынша 6,1 млрд.теңгеге 65 конкурс.
15,5 млрд. теңге сомасына түрлі тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша 111 конкурс бойынша сатып алулар өтпеген деп танылды.
Өткізу процесінде жалпы сомасы 37,2 млрд. теңгеге 94 конкурс, оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 32,7 млрд. теңгеге 14 конкурс;
- жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 0,4 млрд. теңгеге 7 конкурс;
- құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша 1,1 млрд. теңгеге 14 конкурс;
- қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша 2,3 млрд. теңгеге 30 конкурс;
- тауарларды сатып алу бойынша 0,7 млрд. теңгеге 29 конкурс.
2) Басқармаға бөлінген қаражатты игеру бойынша:
2023 жылға Басқармаға 101,4 млн. теңге бөлінді. 2023 жылғы 01 қазанына жоспар 74,9 млн. теңге болса, оның нақты игерілгені 74,7 млн.теңгені немесе 99,7% құрады. Қаражат қалдығы 213,7 мың теңге – еңбекақы төлемдері бойынша ерекшеліктерден үнемдеу.