Жыл басынан бастап 29 қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу басқармасына жалпы сомасы 179,3 млрд. теңгеге конкурстар өткізуге 882 өтінім түсті:
138 өтінім - құрылыс-монтаждау жұмыстарына;
103 - құрылысқа байланысты емес жұмыстарға;
255 - жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге;
229 - қызмет көрсетуге;
157 - тауарларды сатып алуға .
882 өтінімнің ішінен: 672 конкурс бойынша қорытынды шығарылды, 111 конкурс бойынша сатып алулар өтпеді деп танылды, 94 конкурс өткізу процесінде, 5 өтінім жарияланғанға дейін қаралуда.
Жалпы сомасы 126,6 млрд. теңгеге 672 конкурс бойынша қорытындылар шығарылды, оның ішінде:
- құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 98,9 млрд. теңгеге 123 конкурс;
- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша 8,2 млрд. теңгеге 247 конкурс;
- құрылысқа байланысты емес жұмыстар бойынша 7,1 млрд. теңгеге 86 конкурс;
- қызметтерді сатып алу бойынша 6,3 млрд. теңгеге 151 конкурс;
- тауарларды сатып алу бойынша 6,1 млрд.теңгеге 65 конкурс.
Түрлі тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша 15,5 млрд. теңгеге 111 конкурс өтпеді деп танылды.
Бүгінгі күні басқармада жалпы сомасы 37,2 млрд. теңгеге 94 конкурс өткізілуде, оның ішінде:
- 32,7 млрд. теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарына 14 конкурс;
- 0,4 млрд. теңгеге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 7 конкурс;
- 1,1 млрд. теңгеге құрылысқа байланысты емес жұмыстарға 14 конкурс;
- 2,3 млрд. теңгеге қызмет көрсетуге арналған 30 конкурс;
- 0,7 млрд. теңгеге тауарларды сатып алуға арналған 29 конкурс.