"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ бойынша 2023 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы есеп

Басқарманың 2023 жылға арналған бюджеті 101 477,0 мың теңгені құрайды, оның 01.07.2023 ж. жоспары – 49 144,0 мың теңге болса, игерілгені 48 856,6 мың теңгені немесе 99,4 % құрайды. Бюджет бойынша басқарма қызметкерлерінің жалақысы, ілеспе аударымдары, пәтерлерді жалға алу ақысы төленді. Игеру басқарманың 2023 жылға арналған түзетілген қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Мемлекеттік сатып алудың облыстық бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде өткізіліп жатқан сатып алу рәсімдері бойынша келесі жұмыс жүргізілді:

Жыл басынан бастап 1 шілдеге дейін конкурстар өткізуге жалпы сомасы 97,5 млрд.теңге құрайтын 668 өтінім келіп түсті, олар:

- 105 өтінім - құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алуға;

- 73 өтінім - құрылысқа байланысты емес жұмыстарды сатып алуға;

  • 219 өтінім -жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді сатып алуға;
  • 166 өтінім - қызмет көрсетулерді сатып алуға;
  • 105 өтінім - тауарларды сатып алуға.

668 өтінімнің ішінен: 410 өтінім бойынша конкурстар өткізіліп, қорытындылары шығарылды, 63 өтінім бойынша сатып алулар өтпеген деп танылды, 16 конкурс бойынша сатып алудан бас тартылды, 169 конкурс өткізілу процесінде, 10 өтінім жарияланғанға дейін тексеруден өтуде.

  1. Жалпы сомасы 12,1 млрд.теңге құрайтын 169 конкурс өткізу барысында, оның ішінде:

- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу бойынша 11 конкурс, жалпы сомасы 5,4 млрд.теңге;

- Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді сатып алу бойынша 80 конкурс, жалпы сомасы 3,3 млрд.теңге;

- Құрылысқа байланысты емес жұмыстарды сатып алу бойынша 33 конкурс, жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге;

- Қызмет көрсетулерді сатып алу бойынша 21 конкурс, жалпы сомасы 1,3 млрд.теңге;

- Тауарларды сатып алу бойынша 24 конкурс, жалпы сомасы 0,7 млрд. теңге.

  1. Жалпы сомасы 68,0 млрд.теңге құрайтын 410 конкурстың қорытындылары шығарылды, оның ішінде:

- құрылыс-монтаждық жұмыстары бойынша 54,2 млрд.теңгеге                         91 конкурс.

- жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша 4,9 млрд.теңгеге           136 конкурс.

- құрылысқа байланысты емес жұмыстарды сатып алу бойынша 2,2 млрд.теңгеге 36 конкурс.

- тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша 6,7 млрд.теңгеге                     147 конкурс.

  1. 2,2 млрд.теңге сомасына түрлі қызметтер көрсету және тауарлар сатып алу бойынша 63 конкурс өтпеген деп танылды.

 

Дата публикации
17 июля 2023