|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
|
1 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында тиісті жоғары тұрған органдарға объектіні пайдалануға қабылдау актісімен, орындалған жұмыстарды қабылдау актісімен бірге жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысын ұсыну қажеттілігін заңнамалық бекітуге, яғни құрылыс-монтаж жұмыстары жобаларын іске асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеу үшін бірыңғай талаптарды бекітуге қатысты ұсыныстар жіберу |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобаларын іске асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің есебін жүргізуге қатысты НҚА-ге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы ұсыныспен тиісті жоғары тұрған органдарға хат жолдау |
Тиісті жоғары тұрған органдарға хат (ұсыныстар) |
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімі |
2022 жылғы 10 қазанға дейін |
|
2 |
Техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптарды негізсіз асыра бағалауды болдырмау және олардың өткізілетін конкурстарға қатысуын қиындатпау мақсатында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында бекітілетін техникалық ерекшеліктің және біліктілік талаптарының үлгілік нысанын қалыптастыру және оны бекіту туралы ұсыныс дайындау |
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында бекітілетін техникалық ерекшеліктің үлгілік нысанын және біліктілік талаптарын бекітуге қатысты НҚА-ге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді ұсына отырып, тиісті жоғары тұрған органдарға хат жолдансын |
Тиісті жоғары тұрған органдарға хат (ұсыныстар) |
Тауарлар мен қызмет атқаруды мемлекеттік сатып алу бөлімі |
2022 жылғы 10 қазанға дейін |
|
3 |
Техникалық қадағалау қызметтерінің әлеуетті өнім берушілерінің жұмыс тәжірибесін заңды түрде есептеу мақсатында техникалық қадағалау қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесінің электрондық депозитарийін құру бойынша мәселені қарау туралы ұсыныс дайындау |
Техникалық қадағалау қызметтері бойынша әлеуетті өнім берушілердің бірлесіп орындаушыларды тарту шарттарына қатысты НҚА-ге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен тиісті жоғары тұрған органдарға хат жолдау |
Тиісті жоғары тұрған органдарға хат (ұсыныстар) |
Тауарлар мен қызмет атқаруды мемлекеттік сатып алу бөлімі |
2022 жылғы 10 қазанға дейін |