Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (өзгерістер)

2022 - 2024 жж. Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының азаматтық бюджеті

Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Сізге басқарманың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы, атап айтқанда оның қалай жоспарланғаны және мемлекеттік қаражаттың не үшін жұмсалатыны туралы ақпарат береді. Халықаралық тәжірибеде мұндай ақпарат Азаматтық бюджет деп аталады. Бұл форматтағы Ақпарат жыл сайын орналастырылады. Жұртшылықтың пікірін ескере отырып, ақпарат беру форматы жыл сайын жетілдіріліп, мезгіл-мезгіл жаңартылып отырады. Өз тарапымыздан Сіздерден ұсыныстар күтеміз.

Басқарманың штаттық саны 11 штаттық бірлікті және 3 техникалық персоналды құрайды. Басқарманың негізгі міндеті - Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді орындау, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын бюджет қаражатының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады. Облыс бойынша ақшалай қаражаттың уақтылы және тиімді игерілуі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізуге байланысты. Басқару бюджеті қолданыстағы заңнама мен тиістілік нормалары негізінде бекітілген штат бірліктеріне сәйкес жоспарланады.

Басқарманың 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған:

001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», оның ішінде:

011 кіші бағдарламасы «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» 2022 ж. – 107,0 мың теңге. Техникалық персоналдың жалақысын арттыру үшін.

055 кіші бағдарламасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт есебінен» 2022 ж. – 139,0 мың теңге. Техникалық персоналдың жалақысын арттыру үшін.

015 кіші бағдарламасы «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 2022 ж. – 78004,0 мың теңге, 2023 ж. – 69730,0 мың теңге, 2024 ж. – 70295,0 мың теңге.

003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары", оның ішінде:

015 кіші бағдарламасы «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 2022 ж. - 16177,0 мың теңге.

Бюджеттің негізгі бөлігін қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры құрайды – 2022 жылға-71197,0 мың теңге. Басқарманы ұстау (кеңсе тауарлары, байланыс қызметтері, коммуналдық және басқа да қызметтер) 2022 жылға – 7053,0 мың теңге.

Дата публикации
21 сентября 2022