Қоғамдық талқылаудың күн тәртібі:
Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері жария талқылауға шығарылды.
Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау барысында Талдамалық анықтамада көзделген енгізілетін ұсыныстарды талқылау жүргізілді.
Осылайша, 16 ұсыным берілді, оның 3-еуі ашық конкурс тәсілімен жүргізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесінде пайдаланылатын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді (құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобаларын іске асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін есептеу үшін бірыңғай талаптарды бекіту; техникалық ерекшеліктің және біліктілік талаптарының үлгілік нысанын қалыптастыру және бекіту; мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында бекітілетін техникалық қадағалау қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесінің электрондық депозитарийін құру).
Қоғамдық талқылауға қатысушылар арасында пікір мен ұсыныстар алмасылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі А. Сексембаева жария талқылау қорытындысын шығарып, қатысушыларға алғысын білдірді.
Жария талқылау қорытындылары бойынша және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау және бекіту жоспарланған.