"Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау қорытындылары туралы талдамалық анықтама

Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі - басқарма) басшысының міндетін уақытша атқарушының 2022 жылғы 02 тамыздағы "Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы "ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" № 400-БН/Қ бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 08-18 тамыз аралығында келесі құрамдағы жұмыс тобы тарапынан мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

Жұмыс тобының жетекшісі:

Сексембаева Алия Берікқалиқызы - Мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілік бөлімінің басшысы.

Жұмыс тобының мүшелері:

Рахметова Ақмарал Талғатқызы - Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы;

Сыдықжанов Бауыржан Ерболатұлы - Тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы;

Тен Виктор Викторович - "Талдықорған құқық қорғау орталығы" ҚБ директоры, облыстың арнайы мониторингтік тобының жетекшісі (келісім бойынша).

Ішкі талдаумен қамтылған кезең: 2021 жылдың ІІ, ІІІ, IV тоқсандары.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына" сәйкес, ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Анықтама
Дата публикации
19 августа 2022