Райымбек ауданында жастардың қатысуымен экологиялық акциясы өтті
2026 жылғы 6 қазанда Райымбек ауданының Сарыжаз ауылында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл аула» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға жастар, студенттер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындарынан құралған 100-ге жуық адам қатысты.
Акция барысында қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шөп шабу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жастардың белсенді қатысуы туған өлкенің тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Сонымен қатар жастар арасында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және әр адамның өз ауласын таза ұстауының маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға тазалық пен тәртіптің әр адамның өзінен басталатыны айтылды.
Аталған акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара барысында жас ұрпаққа туған жердің тазалығы мен көркейуі әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілді.
#ТазаҚазақстан #Жастар #ҰлттықҚұндылық #Отансүйгіштік #ТуғанЖер #ТарихиМұра #ТазаҚазақстан #Жастар #ҰлттықҚұндылық #Отансүйгіштік #ТуғанЖер #ТарихиМұра
Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.
Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.
«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.
Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.
Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.
«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған.
Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға ассортиментте оңай бағдарланып, жеңілдікпен ұсынылған тауарларды жылдам табуға мүмкіндік береді.
Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері — Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.
Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылады. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.
Сауда орталықтарына келушілер үшін мазмұнды интерактивті бағдарлама да қарастырылған. Елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ұлттық нақыштағы фотозоналар ұйымдастырылады.
Серіктестік аясында Қазақстан бойынша 11 сауда нүктесі бар «Тарбие» ұлттық киім дүкені ұлттық нақыштағы киімдерді ұсынады. Келушілер оларды киіп көріп, естелікке суретке түсе алады. Мұндай аймақтарды еліміздің ірі сауда орталықтарында орналастыру жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтаудағы SAYA Mall, Петропавлдағы Dostyk Mall, Ақтөбедегі KeruenCity, Астанадағы Keruen City Astana, Атыраудағы Infinity Mall, Түркістандағы Turan Mall, Алматыдағы Dostyk Plaza және Шымкенттегі Shymkent City Mall сауда орталықтарында ұйымдастыру көзделіп отыр.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» республикалық конкурсының өткізілетінін жариялаған болатын. Конкурс 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында өтеді және сауда нысандарын мерекелік безендіруде заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ инновациялық сервистерді дамытуға бағытталған.
Қатысушылар өз жобаларын төрт номинация бойынша ұсына алады: «Үздік цифрлық безендіру», «Үздік цифрлық құттықтау», «Жасанды интеллектті үздік пайдалану» және «Ең креативті Digital-жоба». Қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде #saudadigitalnauryz хештегімен бейнеролик жариялап, Сауда және интеграция министрлігінің ресми парақшасын белгілеу қажет.
Жеңімпаздарды креатив, жасанды интеллект технологияларын қолдану, ұлттық бірегейлік, аудиторияның белсенділігі және жобаның орындалу сапасы критерийлері бойынша сараптамалық комиссия анықтайды. Конкурс қорытындысы 2026 жылғы 20 наурызда шығарылып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Ескерту: республикалық акцияға бастаманы қолдап, әлеуметтік жауапкершілік танытқан сауда субъектілері қатысады. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша акцияға қатысушылардың тізімі қоса беріледі.
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:
🗳 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Әрбір азамат өз пікірін білдіріп, дауыс беруге қатыса алады.
📌 Өзіңізді сайлаушылар тізімінен алдын ала тексеріңіз:
🌐 Сайт арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://sailau.almobl.kz
2️⃣ ЖСН енгізіңіз
3️⃣ «Тексеру» батырмасын басыңыз
4️⃣ Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратпен танысыңыз
🤖 Telegram-бот арқылы:
1️⃣ Сілтеме арқылы өтіңіз: https://t.me/sailau_almobl_bot
2️⃣ «Бастау» батырмасын басыңыз
3️⃣ ЖСН енгізіңіз
4️⃣ Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және сайлау учаскеңізді біліңіз
📞 Call-орталық арқылы:
109 нөміріне қоңырау шалыңыз
Қоңырау шалу тегін. Мамандар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
✅ Тексеру бар болғаны бірнеше минутты алады.