
Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына осымен 2-ші рет жолдау жасап отыр. Мен жолдауды республикалық телеарна арқылы көрдім. Биылғы жыл әлем елдерімен қатар біздерге де үлкен сынақтармен басталды. Соған қарамастан талай қиындықты жеңдік. Мемлекет басшымыз Қасым –Жомарт Тоқаевтың көрегендік танытып , өзінің өмір бойы жинаған тәжірибесі арқасында қиындықты еңсерудің түрлі жолын ұсынып, қиындықтан аман – есен шығудың бағыт – бағдарын көрсетіп беріп жатқанына ұстаздар да риза көңілмен қарауда. Бүгінгі жолдау келешек жұмыстардың бағдары іспеттес .
Мемлекет басшымыз «Қолжетімді әрі сапалы білім» беру саласында каранавирус індетінің салдарынан дүниежүзінің мектеп оқушыларымен қатар қашықтықтан оқуға Қазақстандық оқушылардың да көшкендігін баса айтты. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай «Он- лайн» білім беру платформасын әзірлеуді іске асыруды қолға алатындығы , сапалы білім мен саналы тәрбие беруде санитарлы талаптарды сақтай отырып білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлейтіні жайлы ұсыныстар берді. Бұл ұстаздар үшін өте маңызды . Сол себепті мұғалімдердің еңбегін ескеріп мұғалімдер жалақысының көбейтетіні де мұғалімдер үшін қуанарлық жай деп ойлаймын. Ұстаздар қауымына жалын мен жігерді , ізденіс пен талпынысты талап етуде ел болашағы үшін аянбай еңбек етеміз деп сенім білдіреміз. Бұл жолдау эпидемияны, экономикалық дағдарысты шешудің көкейтесті мәселелерін ашық ортаға салып, нақты шешу шараларын көрсеткендігімен жұрт жүрегіне сенім ұялатты. Бүгінгі жолдау ұстаздарға жұмыла жұмыс істеп, болашаққа нақты бағдар алуына жол сілтейтін жолдау болды деп ойлаймын. Мемлекет басшысының бүгінгі күнгі жолдаған жолдауын біздер ұстаздар қауымы бірауыздан қолдаймыз.
О.Жандосов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі С.Калымбетова. .