
https://www.instagram.com/reel/C1Fbf5DotSM/?igsh=NjMyZDczNDVlMg==
РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ “ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2023” ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ
📍Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні, Б. Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің “Жыл -үздігі -2023” жастар сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін» деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастарға сенім арту қай қоғамда болсын өзіндік мән-маңызға ие болып келе жатқаны анық. Өйткені, қоғамның қозғаушы күші, болашақтың бағдар шамы аталатын жастар легі өздеріне берілген осынау әділ бағаға лайық екендіктерін іс-әрекеттерімен де, сөздерімен де, тәлім-тәрбиесімен де дәлелдеп келеді.
Елін, туған жерін, Отанын сүйетін азамат адами құндылық ұғымын жанына серік етіп, халқына адал қызмет жасайды. Осындай абыройлы биіктен көріне білу біздің аудан жастарына да тән қасиет. Оны экономикалық салада да, ауылшаруашылығы,білім мен мәдениет, спорт, денсаулық салаларында қол жеткен сүбелі жетістіктерден көреміз. Көптеген жастарымыз жоғарыда атап өткен салалар бойынша облыс, республика көлемінде алғырлық танытып, ауданымыздың абыройын көтере білді. Ал, республикадан тысқары жерлерде өнер көрсетіп, жеңіс туын желбіреткен ұл-қыздарымыз ерліктің ерен үлгісін танытқанын зор мақтанышпен айтамыз.
Биылғы жылы үздіктер төмендегідей номинациялар бойынша марапатқа ие болды:
1. Қасымхан Толғанай Болатқызы - “Үздік жас спортшы”;
2. Сәкен Беглан Сәкенұлы - “Үздік мемлекеттік қызметші;
3. Канапияев Олжас Тлеулесович - “Ауыл шаруашылығының үздік жас маманы”;
4. Құрманбай Ұлбосын Қанағатқызы - “Үздік жас кәсіпкер”;
5. Базаркулов Серикжан Ерланович - “Үздік жас қамқоршы”;
6. Әлкен Назерке Ерланқызы - “Үздік жас ұстаз”;
7. Бутинбаева Айым Нұртайқызы - “Жас дарын”;
8. Әшімақын Тұрар Амантайұлы - “Үздік жас дәрігер”;
9. Базарбай Еркегүл Базарбайқызы - “Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы”;
10. Уәлиханов Айбек Қайнарбекұлы - “Мәдениет саласының үздігі”.
Барлық марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!