
Сайынов Ердос Бауыржанұлы Қақпақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сайынов Ердос Бауыржанұлы 1992 жылы 27 наурызда Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары
-2016 жылы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Мұнай - Газ ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Жұмыс тәжірибесі:
-2016–2020 жж. – “ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ” АҚ “Алматы магистральды газ құбырлар басқармасы” филиалында жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі, Алматы қаласы;
-2019-2021 жж.- «Арайлым» ЖК директоры
-2021-2022 жж. Райымбек ауданының “Қақпақ ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ-ң жетекші маманы, бас маманы Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылы;
-2022 жылдың 26 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 11 желтоқсанына дейін – “Райымбек ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы;
-2023 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Райымбек аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Райымбек ауданының Қақпақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.