
ТАҒАЙЫНДАУ!
АБДРАМАНОВ СҰҢҚАР ҚЫДЫРӘЛІҰЛЫ
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 1979 жылы 15 тамызда дүниеге келді.
Білімі: жоғары
2000 жылы – Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Жұмыс тәжірибесі:
2004 – 2009 жж. – ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасының бас маманы, бөлім прокуроры, Алматы қаласы;
2010 – 2014 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің (қаржы полициясы) тергеушісі, Алматы қаласы;
2019 ж. – "Райымбек ауданы әкімінің аппараты" ММ жалпы бөлімінің бас маманы, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы;
2019 – 2023 жж. – "Райымбек ауданы әкімінің аппараты" ММ заң және мемлекеттік - құқық бөлімінің басшысы, Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылы;
2023 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Райымбек ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.