
Аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы шілде айының 12 жұлдызында аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғын үй және жер мәселесі көтерілді. Жауапты мамандар толық қатысып, тұрғындарға тиісті жауаптар қайтарылды. Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына мәселелер бойынша тапсырмалар берді.