Райымбек ауданы әкімі аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 10 сәуір мен 15 мамыр аралығында ауданның «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
Туындаған сұрақтар бойынша аудан әкімі аппаратының 8(72779)2 2024 телефон нөміріне хабарласуға болады.