Аудан орталығы Нарынқол ауылында алғаш рет волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар осы сайыста өздерінің біліктіліктерін сынады.
Чемпионатқа 16 командадан 250 спортшылар қатысты:
1) Алматы облысы
2) Шымкент қаласы;
3) Батыс Қазақстан облысы;
4) Маңғыстау облысы;
5) Жетісу облысы;
6) Жамбыл облысы;
7) Қызылорда облысы;
8) Астана қаласы;
9) Түркістан облысы
10) Ақтөбе облысы
11) Ақмола облысы
12) Солтүстік Қазақстан облысы
13) Павлодар облысы
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Жетісу облысы командасы құрамасы жеңіп алды. Жүлделі 2-орынға Түркістан облысынан келген "Түлкібас" командасы ие болды. Үздік үштікті Павлодар облысының командасы түйіндеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!