Аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы Нарынқол ауылының халқымен кездесу өткізді.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 27-ші жұлдызында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы Нарынқол ауылының халқымен кездесу өткізді.Кездесу барысында аудан әкімі 2022-жылғы атқарылған жұмыстардың есебін баяндап, 2023-жылы атқарылатын жұмыстармен бөлісті және осы уақытқа дейінгі кездесулерде ауыл тұрғындары көтерген мәселелер бойынша сұрақтардың жауаптарын аудан әкімінің орынбасары Жусанбаев Ғалым Сәлімұлы баяндап өтті.
Тұрғындар тарапынан үйдің құжаттарын жасау, жер мәселесі және көше жарық шамдары бойынша сұрақтар көтерілді.
https://www.facebook.com/reel/198313286253326