
Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен қатар келген 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Біз қай кезде болмасын береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Ынтымақ пен ырыс, береке мен бірлік тұнған таулы өңірімізде халқымыз көктемнің алғашқы күнін лайықты қарсы алып отыр. Өткен жыл жақсы нәтижелерімен қорытындыланды.
Басты мақсатымыз аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізу.
Құрметті көпшілік!
Бабаларымыздан қалған «Бірлік болмаған жерде – тірлік болмайды» деген ұлағатты сөзі бар. Ел ішінде береке мен бірлік бұзылса елдің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалады.
Қашанда жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, елдік мүдде жолында еселі еңбек ете берейік. Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Құрметпен:
Райымбек ауданының әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы