Ауданымыздағы картоп өнімі сапасы мен өнімділігі жағынан, заманауи талаптармен күтіп, баптау жағынан кенжелеп тұрғаны бәрімізге аян.
Аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы осы өзекті мәселені шешу жолында еліміздің картоп өнімімен айналысып жүрген үлкен компаниялардың мамандарын, агрономдық қызмет көрсетіп жүрген мамандарын шақырып, ауданымызда семинар болып өтті.
Семинарды СТ Agro компаниясының көкөніс бөлімінің басшысы, агрономия саласында 51 жылдық тәжірибесі бар Қазақстанның құрметті агрономы Беннер Геннадий Федоровичтің және суғару бөлімінің басшысы Бакулин Хамза Мухамедияровичтің, көкөніс және суғару бөлімінің Оңтүстік Қазақстан бойынша менеджері Серікұлы Алмас өткізді.
Семинарға бұрыннан картоп өндірумен айналысып жүрген шаруа қожалықтары, жаңадан бастап жүрген шаруа қожалықтары, ауылшаруашылығы бөлімі және агроөнеркәсіп саласында жүрген азаматтар қатысты. Барлығы 70 ке жуық азаматтар қатысып, жаңа ақпараттармен танысып, сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Семинар сағат 09:00-ден кешкі 17:00 аралығында болды. Геннадий Федорович аудан азаматтарының сұрақтарына жауап беріп, семинар жоғарғы деңгейде өткізілді. Аудан әкімдігінің атынан семинардың өтуіне атсалысқан мамандарға алғысымызды білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/Co9YCo_oHTA/?igshid=YmMyMTA2M2Y=