Алматы облысының Райымбек ауданында Тегістік ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА.

Алматы облысының Райымбек  ауданында Тегістік ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА.

Райымбек аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабының 1 тармағы және 44-бап 4-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Тегістік  ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялайды.

 

Тегістік сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 606 сайлаушы енгізілген. Дауыс беруге  қатысқан азаматтардың жалпы саны – 489 (80,69%).

Дауыс беруге қатынасқан сайлаушылардың кандидаттарды жақтап берілген дауыстары саны:

  • Абдикасимов Кайнар Изаевич – 332 дауыс (67,89 %);
  • Акмолдаев Айбек Аканбаевич – 65 дауыс (13,29 %);
  • Керимбаев Ернат Сайлаубаевич – 70 дауыс (14,31 %);
  • «Бәріне қарсымын» деген бюллетеньдер саны – 18 дауыс;
  • Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 4.

Сайланған ауылдық округінің әкімі – Абдикасимов Кайнар Изаевич, 1986 жылы туған, Райымбек ауданы, Тегістік ауылы, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.