Аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде Әлмерек Жаншықұлының 365 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өтті.

       Конференцияда әулие-абыз бабаның ерліктері мен еліне сіңіріп кеткен еңбектері айтылды.
       Әлмерек Жаншықұлы осыдан 365 жыл бұрын дүниеге келген. Жетісу өңірінде жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде белді рөл атқарған.
       Жетісу қазақтарының аман қалуына, жердің сақталуына үлкен еңбек сіңірген адам. Жасырақ кезінде батыр болған, кейін ел басқаратын би болған, содан абыз-әулие атанған.
Әлмерек Абыз Қазақ-Жоңғар соғысына басынан аяғына дейін қатысқан батыр. Соғыс аяғына қарай қартая бастағанда әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысады.              Шәкірттерінен атақты Райымбек батыр, өз немересі Саурық батыр шыққан. М. Әуезовтың «Қилы заманында» айтылған Ұзақ батыр да осы кісінің тікелей ұрпағы.
Конференцияға:
Ысқақ Молдәлімұлы - « Әлмерек баба» қоғамдық қорының төрағасы;
Сайлаубек Ағыбаев – «Құрман баба» қорының төрағасы;
Омаров Мұрат - «Әлмерек баба» қоғамдық қорының мүшесі келіп қонақ болды және Әлмерек бабаға арналып ескерткіш қою туралы ұсыныстарын талқылады.

https://www.instagram.com/reel/CoL34jvIsk4/?igshid=Yzg5MTU1MDY=