https://www.facebook.com/reel/502031355403832
11.01.2023 жылы аудан әкімі Берік Дүйсенбаев Фатықұлы аудан әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында негізгі мәселелер жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жылжымайтын мүлік және жер қатынастарына қатысты болды. Аталған мәселелерді шешу үшін жауапты тұлғаларға — бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Азаматтардың барлық өтініштерін аудан әкімі жеке бақылауға алды.