
10.12.2022 жылы "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай Райымбек ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында волейбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен спорттық жарыстар болып өтті. Жарыстың ашылуында сөз алған аудан әкімі Дуйсенбаев Берік Фатықұлы жарысқа қатысушы мемлекеттік қызметкерлерді "Тәуелсіздік күні" мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Спорттық жарыстар тартысты ойындарға толы болды.